Accessibility links

Испанияда жолаушының денесін тексеретін сканерлер мәселесі талқыланбақ


АҚШ пен ЕуроОдақ ресмилері бүгін Испанияның Толедо қаласында кездесіп, әуежайларда азаматтардың бүкіл денесін тексеретін сканерлерді орнату мәселесі мен тағы басқа қауіпсіздік ережелерін талқылайды. АҚШ ұлттық қауіпсіздік басшысы Джанет Наполитано ЕуроОдақ министрлерін әлгі жабдықтардың орнатылуына мүмкіндік беруге шақырмақшы.

2008 жылы Еуропа парламенті мұндай сканерлер жолаушының құпиялық құқын бұзуы мүмкін деп оларға тосқауыл қойған болатын.
XS
SM
MD
LG