Accessibility links

Ауған ауылының тұрғындары: Шетел күштері қарапайым азаматтарды өлтірді


НАТО күштері Ауғанстандағы рейдте 4 бүлікшіні өлтіргендерін хабарлады, ал ауыл тұрғындары қаза болғандар қарапайым азаматтар еді дейді.

Газни өлкесінің Кара Бағ ауданындағы наразылық танытушылардың айтуынша, сәрсенбі күні шетел күштері қарусыз бір қарапайым тұрғын мен оның екі ұлын және бір көршісін өлтірген.

НАТО өкілдері қарапайым азаматтардың құрбан болғанын жоққа шығарып отыр. Бұл рейд Талибан қолбасшысы деп күдіктелген кісіге бағытталған болатын дейді НАТО әскерилері.
XS
SM
MD
LG