Accessibility links

Сочиде Таулы Қарабах дауы талқыланады


Кремлдің хабарлауынша, қаңтардың 25-де Ресей президенті Дмитрий Медведев Сочиде Армения мен Әзірбайжан жетекшілерімен кездесіп, Таулы Қарабах мәселесін талқылайды.

Этникалық армяндар басып алған бұл анклавқа байланысты Армения мен Әзірбайжан арасындағы дау ұзақ уақытқа жалғасып отыр. 1990 жылдардың басында орын алған соғыстан шамамен 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының төрағалары - Ресей мен АҚШ және Франция мемлекеттері - Таулы Қарабах дауын шешуде арағайындық жасап келеді. Армения президенті Серж Саркисян мен Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев бұл мәселені талқылау үшін бірнеше рет кездескен болатын бірақ олар бір ымыраға келе алмай отыр.
XS
SM
MD
LG