Accessibility links

Ресей 2010 жылы Иран реакторын іске қоспақ


Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясының басшысының мәлімдеуінше, осы жылы Ресей Иранның Бушехр зауытында құрған реакторды іске қосады. Сергей Кириенко журналистердің алдында сөйлеген сөзінде «2010 Бушехр жылы» деп атап көрсетті.

Ресей 1995 жылы Иранға реактор құруға келіскен болатын бірақ бір миллиард долларлық жоба бірнеше рет кейнге қалдырылған-ды.

Бір кездері Бушехр электр станциясы Ресей мен Батыс арасындағы келіспеушіліктерге себеп болған еді. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді. Бірақ соңғы жылдары АҚШ Бушехр зауытына қарсы еместігін айтты.
XS
SM
MD
LG