Қазақстандық теннисші Евгений Королев Мельбурнде өтіп жатқан Үлкен Шлем турнирінің үшінші турында бүгін чилилік Фернандо Гонсалестен жеңіліп қалды. Үш жарым сағатқа созылған матч бес сетте – 7:6, 3:6, 6:1, 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.
Австралияның ашық біріншілігіне қазақстаннан бес теннисші: Евгений Королев, Андрей Голубев, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Сесиль Каратанчева қатысты. Солардың ішінде Королев қана үшінші турға дейін жетті.