Accessibility links

Ресей Иранның ядролық келісімді қабылдамауына байланысты өкінеді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей Иранның БҰҰ делдалдығымен жасалған ядролық келісімді қабылдамауына байланысты өкініш білдіріп отыр. Мәскеуде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Лавров Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деген алаңдаушылықтарды жою үшін Теһранмен саналы түрде қарым-қатынас жасау керек деп атап көрсетті.

Оның айтуынша, Иранды жазалау жемісті болмауы мүмкін. Лавров БҰҰ Иранға санкция енгізу мәселесін талқыласа болады деді. Бірақ ол шектеулерге қатысты Ресейдің қандай ұстанымда болатынын айтпады.
XS
SM
MD
LG