Accessibility links

АӨІСШК-нің жоғары деңгейдегі жиыны маусым айында Стамбулда өтеді


Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аға лауазымды тұлғаларының Алматыдағы отырысында АӨІСШК-тің жоғары деңгейдегі үшінші саммитін маусымның 7-9 күндері Стамбулда өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қазіргі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отырған шақта “Түркияның Стамбул қаласында өтетін саммит Азия мен Еуропа құрлығының өзара үйлесімді диалог құратын алаңына айналады деген үміт бар деді. Сол себепті бүгінгі басқосу барысында саммитте қозғалатын нақты мәселелерді талқылау, саммитке дайындық, өткізу негізгі тақырып болды”, деп айтты ол.

Бұл отырыста сонымен қатар Азия құрлығында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған жаңа қауіп-қатерлерге байланысты сұрақтар, әскери-саяси, экономика және экология саласындағы іс-шаралар талқыланған.

АӨІСШК құрамына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ауғанстан, Мысыр, Үндістан, Иран, Израиль, Иордания,Қытай, Корея Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Таиланд, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері енеді.
XS
SM
MD
LG