Accessibility links

Қаржы полициясының төрағасына жаңа орынбасар тағайындалды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні Қаржы полициясы төрғасының орынбасары етіп Самат Әшімбаевты тағайындады.

Қазақстан президентінің кеңсесі таратқан хабарламада, мемлекет басшысының қаулысымен Самат Әшімбаев Қазақстанның экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды делінген.

Осыған дейін бұл қызметті ҰҚК-нің қызметкерлері есірткімен ұстаған Айдын Жантелеев басқарған болатын. Кейін оның ісін қараған Бас прокуратура оның ісінде қылмыстық құрам жоқ деп, оны бостандыққа шығарған. Бірақ кейін ол қызметінен алынды.
XS
SM
MD
LG