Accessibility links

Ауғанстанда үкіметтік 4 әскер мерт болды


Ауғанстанның Вардак провинциясында сенбі күнгі жарылыстан 4 қауіпсіздік күші қаза тапты. Жергілікті басшының көлік керуенінің жолына қойылған мина жарылып, оның соңынан содырлар оқ жаудыра бастаған.

Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, провинция басшысы келе жатқан көлікте болған әскерилер қаза тапқан. Екі шабуылдаушы қамауға алынған.

Бұл шабуылға жауапкершілікті талибандар алып, бұл қақтығыстан 8 әскер өлтірілді деп айтты.

Бүгін ертеректе Ауғанстан шығысында содырлар жергілікті полиция басшысын екі қызметкерімен ұстап әкеткен.

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG