Accessibility links

Түркияда әл-Қаидамен байланысы бар күдіктілер ұсталды


Түркия полициясы кең көлемді операциялар жүргізіп, әл-Қаида тобымен байланысты деп күдіктелінген 120-дан аса жауынгерді ұстады.

Жұма күні Түркияның 16 аймағында жүргізілген рейд исламшыл жауынгерлерді түгелімен құрта алды ма, жоқ па белгісіз. Бірақ полиция өкілі күдікке ілінген университет студенттері мен ұстаздарының да қамауға алынғанын айтты.

Қамалғандарды тінтіген кезде олардың мекендерінен әл-Қаиданың жоспарларына байланысты құжаттар, әдеби үгіт-насихат кітапшалары мен жарылғыш заттар табылған.

Түрік полициясы олар Ауғанстандағы НАТО күштері құрамындағы түркиялық әскерлерге қарсы шабуыл жасауды жоспарлаған деп отыр.
XS
SM
MD
LG