Accessibility links

АҚШ-қа шабуылдар жасауға сөз берген Бин Ладеннің таспасы шықты


Әл-Қаида жетекшісі Осама Бин Ладеннің аудио жазбасы деп күдіктелген таспа әл-Жазира телеарнасына шығып, Құрама Штаттарға қарсы тағы шабуылдар жасауға сөз берді.

Сонымен қатар 25-ші желтоқсанда американ ұшағын жармақ болған әрекетті мадақтаді. Ол адам ұшақты жаруға әрекеттенген нигериялық Умар Фарук Абдулмуталлабты батыр деп атаған.

Сонымен бірге таспадағы адам егер АҚШ Израилге қолдауын жалғастыра берсе, Америкаға қарсы тағы шабуылдар болады деген. Онда сөйлеген адамның расында Осама Бин Ладеннің даусы ма, жоқ па оны анықтау мүмкін емес болып отыр. Бірақ оның бұрынғы жиналған дауыстарымен бірдей болып шыққан.
XS
SM
MD
LG