Қуатты жерсілкінісі орын алған Гаитиде 12 күннен кейін қираған қонақ үйдің үйіндісі астынан тағы бір адам тірі шықты. 24 жастағы гаитилік өзінің Coca-Cola ішіп жан сақтағанын айтқан.
Сенбі күні БҰҰ-ы Гаити билігі іздеу-құтқару шараларын тоқтатты деп хабарлағанына қарамастан, елде құтқару шаралары жалғасып жатыр.
Гаити үкіметі қаңтардың 12-дегі күші 7 балл деңгейінде болған зілзала 200 мыңнан аса адамның өмірін қиды, 3 млн-нан аса кісі баспанасыз қалды деп айтты. Әлемдегі ең кедей елдегі бұл табиғат апатынан кейін жергілікті халық медициналық көмек, азық-түлік пен ауыз суға зәру болып отыр.