Accessibility links

Ахмадинежад ел бюджетін мұнай кірісіне азырақ тәуелді етіп ұсынды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад жексенбі күні жылдық бюджетті парламент қарауына ұсынып, депутаттарға Иранның мұнай табысына тәуелділікті азайтуға көбірек назар аударылды деген.

Негізінде ел экономикасы бюджет кірісінің 80 пайызын құрайтын мұнай экспортына байланған. Ақпарат агенттіктері 2010 жылдың бюджеті 368 млд долларды құрап отыр деді. Ахмадинежад мемлекеттің қоржынын толтырып отырған мұнай табысына тәуелділікті азайту арқылы бюджетті қалай көтермекші болып отырғанын ашып айтпады.

Сонымен қатар ол парламенттегі журналистерге алдағы айда елдің даулы ядролық бағдарламасы туралы көбірек жаңалықтар болатынын айтты.
XS
SM
MD
LG