Accessibility links

Су Чжи биыл күзде үй қамауынан босатылуы мүмкін


Мьянма демократиялық оппозициясының көсемі Аун Сан Су Чжи осы жылдың қараша айында бостандыққа шығуы мүмкін.

Бұл туралы әскери үкіметтің ішкі істер министрі жұмыс бабындағы жиналыста хабарлады. Осыған қатысты ресми мәлімдеме болған жоқ, бірақ ақпарат құралдары сол жиналысқа қатысушыларға сілтеме жасап хабарлады.

Нобель сыйлығының иегері Су Чжи соңғы 20 жылының көп бөлігін үй қамауында өткізді. Жаза мерзімі жақында тағы ұзартылған болатын.
XS
SM
MD
LG