Accessibility links

«Валют-Транзит банктің» бұрынғы президентін түрмеден босатпады


«Валют-Транзит Банк» АҚ-ның бұрынғы президенті Андрей Беляевті жаза мерзімі аяқталмастан бұрын босатудан бас тартты. Бұл туралы ҚазТАГ Қарағанды облысының прокуратурасындағы дерек көзіне сілтеме жасап хабарлады.

Прокуратура өкілінің айтуынша, босату өтінішінің қабылданбауына келтірілген залалдың ауқымды бөлігінің өтелмеуі, сондай-ақ жәбірленушілердің пікірлері түрткі болған.

Андрей Беляев 2008 жылы маусымда мемлекетке 6,5 млрд теңге залал келтірді деген айыппен 3 жыл алты айға бас бостандығынан айрылған болатын.
XS
SM
MD
LG