Accessibility links

Иран Ауғанстанға қатысты конференцияға қатыспауы мүмкін


Иранның осы аптада Ауғанстанға қатысты конференцияға қатысуына күмән туып отыр. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рамин Мехманпарасттың мәлімдеуінше, конференция Ауғанстанның проблемаларын шешуге көмектесе алмайды. Ол Ауғанстанда халықаралық күштердің болуы лаңкесттік әрекеттерге түрткі береді деген Техранның ұстанымын қайталап айтты.

Ауғанстанға қатысты халықаралық конференция бейсенбі күні Лондонда өтеді.
XS
SM
MD
LG