Accessibility links

Ливия қорғаныс министрі Мәскеуге барады


Ливия қорғаныс министрі бүгін Мәскеуге барады. Ресейдің "Интерфакс" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ливия Ресейден 2 миллиард долларға қару-жарақ сатып алуды көздейді.

Оның алдында Ливия қорғаныс министрі генерал Абу-Бакр Юнис Жабердің сапары барысында екі ел арасында қару-жарақтар мәселесіне қатысты келісімге қол қойылуы мүмкін деп хабарланған болатын. Бірақ бұл келісім туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.
XS
SM
MD
LG