Accessibility links

Лондонда Йемендегі терроризмге қарсы күреске арналған конференция өтуде


Бүгін Лондонда Йемендегі терроризмге қарсы күрестің бағыт-бағдарын талқылаған халықаралық көнференция өтіп жатыр.

2009 жылы желтоқсанның 25 күні американдық әуелайнерде жарылыс ұйымдастыруды көздеген террорлық әрекет орын ала жаздаған еді. Кейбір жарияланған ақпараттарда бұл әрекетті ұйымдастырмақ болғандығы туралы жауапкершілікті «Аль Каида» ұйымының өз мойнына алғаны хабарланды. АҚШ мониторингтік ұйымының мәліметінше, «Аль-Каиданың» осы мазмұндағы мәлімдемесі интернетте жарияланған.

Конференцияға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, сондай-ақ Ресей, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия және өзге де мемлекеттердің өкілдері қатысады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG