Accessibility links

«Қылмыс» романы Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ұсынылды


Мәдени саясат және өнертану институты қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романын Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ұсынды.

«Қылмыс» романының екі томы бостандықта, қалған төрт томы түрмеде жазылған шығарма. Аталған роман Қазақстанда алғаш рет 2009 жылы күзде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан екі мың данамен жарық көрген.

Қажығұмар Шабданұлы өмірінің тең жартысын Қытай түрмелерінде өткізген. Қазіргі таңда 85 жасқа келген Қажығұмар Шабданұлы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында үйқамақта отыр.

Сондай-ақ. Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын «Жас алаш» газеті мен Қазақстан жазушылар одағы да Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ұсынып жатыр.
XS
SM
MD
LG