Қаңтардың 27-і күні Алматы қалалық Әкімшілік сотының судьясы Жанна Нұрғалиева "Журналистер қауіп қатерде" қорының президенті Розлана Таукинаны әкімшілік кодекстің 373 бабы 3 тармағы бойынша айыпты деп тауып, оған поркурор сұраған 5 күндік қамақтың орнынан 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды.
Розлана Таукина қаңтардың 6-сы күні түрмеде отырған журналист, «Алма ата-ИНФО» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповты қорғап, флеш-моб өткізгендер қатарында болған.
Осыған дейін аталмыш шараға қатысқаны үшін тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен қамаудағы журналистің әйелі Раушан Есіргеповаға рұқсат етілмеген акция өткізді деген айыппен әр қайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған еді.