Accessibility links

Румынияға несие төлемдері қайта басталады


Халықаралық Валюта қоры мен Еуропа Одағы бүгін өздерінің Румынияға қаржылай қолдауды қайта жалғастыратындарын айтты. ХВҚ Румыния еліне 2,3 млд еуро беруді қайта қалпына келтірсе, ЕуроОдақ 1 млд еуро несие бермекші.

Мамыр айында Еуропа Одағы мен Әлемдік Валюта қоры Румынияға 20 млд еуро несие ұсынуға келісіп, оны бөліп төлеп, елдің экономикалық дағдарыстан туындаған қарыздарын өтеуге көмектеспекші.

Румыния еліне беріліп келген несиелер қараша айында елдегі саяси дағдарысқа байланысты тоқтап қалған. Енді ЕО пен ХВҚ румын үкіметі қаржыны жұмсауды бақылауға алатын шараларды қолға алғаннан кейін, қаржылай қолдау қайта жалғасады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG