Accessibility links

Ашура мерекесіндегі шеруде 2 германиялық ұсталған


Иранның ақпарат құралдары жазып жатқандай, желтоқсан айындағы кісі шығыны болған наразылық шараларына қатысты деп екі германиялық ұсталған.

Бұл мәліметті барлау қызметінің атын атамаған ресми өкілі айтып, екі германиялық шиит мұсылмандарының Ашура мерекесі кезінде шеру ұйымдастырды деген күдікпен қамалды деп айтқан. Онда полиция күштері мен оппозиция қолдаушылары қақтығысып, кемінде 8 адам қаза тапқан.

Қамалған екі шетелдіктің босатылғаны жөнінде ештеңе айтылмады. Берлин де бұл дерекке қатысты әзірге ештеңе айта қоймады. Иран билігі осыған дейін үкіметке қарсы шерулерді батыс қолдап, Иранның ислам жүйесін бұзуға тырысып жатыр деген.
XS
SM
MD
LG