Accessibility links

Гаитиде үйінділер астында қалған қыз құтқарылды


Гаитиде француз құтқарушылары 15 күн бойы үйінділер астында жатқан 17 жасар қызды аман құтқарып қалды.

Құтқарушылардың өздері бұл жағдайға таң қалыстарын жасырмайды. Ресми түрде құтқару жұмыстары осыдан бірнеше күн бұрын тоқтаған болатын. Өйткені билік қирандылар астында тірі адамдарды табу мүмкіндігі қалмады деп мәлімдеген еді.

15 қаңтарда тіркелген зілзала салдарынан Гаитиде 200 мыңға жуық адам қаза болды. Сәрсенбі күні халықаралық қаржы қоры елге 102 миллион доллар көмек бөлгендігін жариялады.
XS
SM
MD
LG