Accessibility links

Иранда жаппай шерулерге қатысқан екі кісі дарға асылды


Иранда өткен жылғы маусымдағы президент сайлауынан кейін басталған оппозициялық жаппай шерулерге қатысушы екі адамға өлім жазасы жүзеге асырылды.

Жергелікті ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең оларды дарға асқан. Басқа да дерек көздері бұл туралы хабар таратпады.

Иранда осымен 11 кісіге өлім жазасы орындалып отыр. Олардың бәрі ислам республикасының қазіргі басшылығын биліктен тайдыруға әрекеттенді, қарулы топтарға қатысы бар, сондай-ақ діни азғындыққа барды деп айыпталды.
XS
SM
MD
LG