Accessibility links

Карзай: Ауғанстан "көңілі қалған бауырларымен" байланыс орнатуы тиіс


Президент Хамид Карзайдың мәлімдеуінше, Ауғанстан бітімге қол жеткізуі үшін лаңкестік топтарға мүше емес "көңілі қалған бауырларымен" байланыс орнатуы тиіс. Бейсенбі күні Лондондағы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Карзай Сауд Арабиясының патшасы Абдулланы Ауғанстанда бейбітшілік орнатуда маңызды роль атқаруға шақырды.

Карзай сондай-ақ Ауғанстанның көшілес елдерін, олардың ішінде Пәкістанды бейбітшілік әрекеттерін қолдауға шақырды.

"Біз ауған конституциясын қабылдайтын барлық отандастарымызбен, әсіресе Әл-Қаида мен басқа да лаңкестік желілерге қатысы жоқ көңілі қалған бауырларымызбен байланыс орнатуымыз тиіс", - деді Карзай.

Оның алдында Британия премьер-министрі Гордон Браун Карзайдың бітім жөніндегі жоспарын жылы қабылдады. Бұл жоспарға сәйкес, зорлық-зомбылық пен бүлікшіліктен бас тартқан талибандықтарға жұмыс орындары мен экономикалық жеңілдіктер ұсынылмақ. Браун сондай-ақ халықаралық күштер қауіпсіздікке қатысты жауапкершілікті осы жылы ауған күштеріне тапсыра бастайды деп үміттенеді. Бұл туралы ол Лондондағы халықаралық конференцияда мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG