Accessibility links

Қазақстан президентінің халыққа жолдауы басталды


Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауын бастады. Мемлекет басшысының биылғы баяндамасында Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуына ерекше мән беріледі.

Президенттің айтуынша, республикаға бірінші кезекте экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау, содан кейін инфрақұрылымды жетілдіру, индустриализацияны арттыру арқылы тұрақты экономикалық өсімге алып шығу, адам ресурссын дамыту, сондай-ақ тұрғындарды сапалы әлеуметтік тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету қажет.

Сонымен бірге, Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруды бастағандығын атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG