АҚШ президенті Барак Обама келесі жылы елдің ядролық бағдарламасына 7 млрд доллар бөлуді көздеп отыр. Бұл өткен жылғы американдық Конгресс бекіткен қаржыдан 600 млн долларға артық.
Обаманың жоспарлары туралы американдық вице-президент Джо Байден хабарлады. Оның Wall Street Journal газетінде жарияланған мақаласында АҚШ-тың ядролық бағдарламасына бөлінетін қаржы алдағы бес жылда шамамен 5 млрд долларға өсетіндігі баяндалған.
Вице-президенттің айтуынша, соңғы уақыттары американдық ядролық нысандар мен ғылыми зертханалар қаржы жетіспеушілігіне ұшырады, соның салдарынан көптеген білікті мамандар қызметтен кетуге мәжбүр болған.