Accessibility links

БҰҰ басшысы Кипрге барады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-Мун жексенбі күні Кипр аралына сапар жасамақ. Пан Ги-Мун грециялық және түркиялық кипрліктер арасындағы бейбітшілік келіссөздерін қолдауды көздеп отыр.

Түркия күштері 1974 жылы Кипрді басып алған соң бұл арал грециялық және түркиялық кипрліктерге бөлінді. 2004 жылдан бері Еуропа Одағының мүшесі боп табылатын Кипрдегі гректер Түркияның ЕуроОдаққа мүше болуына вето қоя алады. Бұл өз кезегінде НАТО мен ЕуроОдақ арасындағы қорғаныс қарым-қатынастарын қиындатуда.

НАТО-ға мүше Түркия альянс пен ЕуроОдақ арасындағы кей әскери ынтымақтастыққа тосқауыл қойды. Түркияның айтуынша, НАТО барлау ақпараттары Кипр сияқты альянсқа мүше емес елдерге жариялауға болмайды.
XS
SM
MD
LG