Accessibility links

Қытай АҚШ-тың Тайванға қару сату жоспарына наразылық танытты


Қытайдың Қорғаныс министрлігі көрші Тайванға Вашингтонның 6,4 млд доллар қару-жарақ сатпақ жоспарына байланысты өз әскерилерінің Құрама Штаттарға сапарын тоқтатып отыр.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың Тайванға қару сатуы Қытаймен қарым-қатынасына кері салдарын тигізіп отыр. Осыдан бір күн бұрын президент Барак Обама әкімшілігі Конгреске Тайвань еліне бірінші рет қару сату жоспарын айтқан.

Ол келісім бойынша “Қара қыран” деп аталатын 60 тікұшақ, 100-ден аса “Патриот” зымыран жиынтығы сатылмақшы. Қытай Тайванды өзінің жікшіл аймағы деп есептейді.
XS
SM
MD
LG