Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуыл кемінде 9 адамның өмірін қиды


Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскери бекетте бір жанкешті өзін жарып жіберіп, кемінде 9 кісі қаза тапты.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, Хар қаласындағы әскери бекетке келген бір ер адам жарылғыш заттарын іске қосып үлгерген.

Пәкістанның бұл тайпалы аймағында 2001 жылы талибан билігі құлаған соң Ауғанстаннан қашып келген бүлікшілер шабуылы күшейіп отыр.
XS
SM
MD
LG