Accessibility links

Ауғандық аудармашы 2 АҚШ әскерін өлтірген


Ресмилердің хабарларына қарағанда, Ауғанстанның шығысындағы әскери бекетте ауғандық аудармашы екі американдықты атып өлтіріп, кейін өзін-өзі өлтірген. Бұл оқиға жайлы бүгін ғана айтылып отыр.

Батыстық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, бұл оқиға Вардак провинциясында болған. Аудармашының не себепті оқ атқаны белгісіз қалып отыр. Бірақ ресмилер оның өте ашулы болғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG