Accessibility links

Ресей мен Ливия 1,3 млд. еуро болатын қару келісімін жасады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин сенбі күні мәлімдегендей, Ресей мен Ливия 1,3 млд еуро болатын қару-жарақ келісіміне қол қойды.

Бұл хабарлама Путин мен Ливия қорғаныс министрі Абу Бәкр Юнус Жәбрдың Мәскеуде келіссөздер өткізуінен соң айтылды. 20 ғасырдың екінші жартысында Ливия Советте жасалған қаруды көп сатып алатын Ресейдің үлкен әріптесі болған.

Ресейдің қару-жарақ жасаушылары Ресей мен Ливияның әскери-техникалық қарым-қатынасын келешегі жарқын ынтымақтастық деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG