Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 16 адам қаза тапты


Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысындағы әскери бекетте бір жанкешті өзін жарып жіберіп, кемінде 16 адамның өмірін қиды.

Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, Пәкістанның Бажаур тайпалы аймағындағы Хар қаласындағы әскери бекетке келген бір ер адам кеудесіне салған жарылғыш заттарын іске қосып үлгерген.

Бұл аймақ 2001 жылы Ауғанстандағы талибан билігі құлағаннан бері ауған жерінен қашып келген бүлікшілер мекеніне айналып, үкіметтік күштерге қарсы шабуылдар үдеп отыр.
XS
SM
MD
LG