Accessibility links

Иранда тағы 5 шерушіге өлім жазасы берілуі мүмкін


Иранда желтоқсан айындағы наразылық шеруі кезінде ұсталған тағы 16 адамның соты жүріп жатыр. Олардың бесеуіне құдайға қарсы шықты және жемқорлыққа қатысты деген айып тағылған.

Бұл қылмыс бойынша шариғат заңымен өлім жазасы үкімі беріледі. Қалған 11 адамға елдің қауіпсіздігіне қарсы жиын өткізді, ислам жүйесіне қарсы үгіт жүргізді деген айыптар тағылған. Маусым айындағы президенттік сайлау қорытындысына қарсы шерулер өткізіп келе жатқан оппозиция жақтастары жаппай тәртіпсіздіктер жасады деп айыпталуда.

Ирандағы сот тыңдауларына қатысты адам құқықтарын қорғаушы Amnesty International ұйымы, АҚШ пен Ұлыбритания Иран билігін үкіметке қарсы шерулерге қатысты екі оппозиция өкілінін дарға асып өлтіргенін сынаған болатын.

Өткен жылдың тамыз айынан бері Ирандағы президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына наразылық танытып, көшеге шыққан 100-ден аса адамның соты өтті. Онда 11 оппозиция өкіліне өлім жазасы үкімі шығарылды.
XS
SM
MD
LG