Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 2 әскери мерт болды


Пәкістанда жол бойына қойылған бомбаға әскерилердің көлігі түсіп, жарылыстан екі әскер қаза тауып, тағы екеуі жараланды.

Жарылыс елдің солтүстік-батысындағы Ауғанстанмен шекаралас Мохманд округінде орын алды. Бұл аймақта пәкістандық күштер жасырынып жүрген талибан жауынгерлеріне қарсы операциялар жүргізіп келеді.

Сенбі күні Мохманд өңіріне жақын Баджаур ауданындағы әскери бекетте бір жанкешті шабуыл жасап, 16 әскердің өмірін қиды.
XS
SM
MD
LG