Accessibility links

Токио Ресейдің жапон балықшыларына оқ атқанына наразылық танытты


Жапония Ресейдің шекарашылары Курил аралдарына жақын маңда жапондық 2 балықшының кемесіне оқ атқанына наразылық білдірді.

Жапонияның Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, жапон балықшылары Хоккайдо аралындағы портқа келгенде, олардың кемесінен оқтың іздері табылған делінген. Және олар жұма күні орын алған оқиғада өздерінің балықшылары Ресей шекарасына өтпегенін айтып отыр.

Ресейдің ақпарат агенттіктері ресейлік шекарашылар ескертуді тыңдамаған жапон балықшылар кемесіне оқ атқанын сенбі күні хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG