Accessibility links

Ирақ ресейлік Лукойлмен мұнай келісімін жасады


Ресейдің ірі мұнай компаниясы Лукойл мен оның норвегиялық әріптесі Ирақтың мұнай кенішін дамыту жөніндегі келісімге қол қойды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, 20 жылға жасалған келісім бойынша Лукойл бастаған мұнай компаниясы елдің оңтүстігіндегі екі бірдей мұнай кенішін игереді. Ол жердегі мұнай қоры 12,88 млд баррель деп бағаланып отыр.

Бұл келісім мұнай кенішіндегі жұмыстарды қосымша бес жылға ұзартуды көздейді. Лукойлдың 1997 жылдан бері бұл кеніште жұмыс істеу құқы бар. Бірақ ол келісімді кейінірек Ирақтың бұрынғы президенті Саддам Хуссейн бес жылдай бұзып тастаған.
XS
SM
MD
LG