Accessibility links

Мәскеу милициясы Кремлге қарсы шерушілерді таратты


Бүгін Ресей астанасында оппозиция белсенділері мен құқық қорғаушы топтар бастаған 100 шақты адам биліктің тыйым салуына қарамастан, еркін жиындар өткізу құқын қорғап митинг өткізді.

Милиция олардың рұқсатсыз митингісін таратып, 50 шақты адамды қамауға алды. Олардың қатарында Борис Немцов сияқты оппозиция жетекшілері де бар. Немцов билікті сынап жүрген Солидарность партиясының жетекшісі.

Ресей оппозициясының осыған дейінгі 31 желтоқсандағы митингісін милиция таратып, ондаған адам қамауға алынған.
XS
SM
MD
LG