Accessibility links

Мысырда терроризммен айыпталушы 26 кісі тұтқындалды


Мысырда «Ислам жихады» экстремистік тобына қатысы бар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде және туристерге қарсы теракт дайындаған деген күдікпен 26 кісі ұсталды.

Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, күдіктілерден қару-жарақ пен жарылғыш тәркіленген.

«Ислам жихады» тобы 1970-ші жылдары құрылды. Ол 1981 жылы Мысыр президенті Анвар Садатты өлтіруді ұйымдастырған. Топтың бұрынғы көмесі Айман аз-Зауахри кейін Усама бин Ладеннің орынбасары болды, ал оның көптеген белсенділері «Әл-Қаида» ұйымына қосылды.
XS
SM
MD
LG