Accessibility links

Карзай патша Абдулламен кездеспек


Ауғанстан президенті Хамид Карзай осы аптада Сауд Арабияға барады. Президент баспасөз хатшысының мәліметінше, Карзай сәрсенбі күні патша Абдулламен келіссөз өткізбек.

Ауған президенті Сауд Арабияны исламшыл Талибан бүлікшілерін қарудан бас тартуға көндіруге шақыруда. Өткен аптада Лондонда өткен халықаралық конференцияда Карзай Сауд Арабия билігі бейбітшілік үдерісіне үлес қосады деп үміттенетіндігін айтты.

1996-2001 жылдары Ауғанстандағы Талибан үкіметін тек Сауд Арабия мен Пәкістан және Біріккен Араб әмірліктері ғана мойындаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG