Accessibility links

Саудабаев ресми сапармен АҚШ-қа барады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстан мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев 2-4 ақпанда АҚШ-қа барады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абрахмановтың мәлімдеуінше, сапар барысында Саудабаев Ақ үй өкілдерімен және Конгресс мүшелерімен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланады.

Сонымен қатар 5 ақпанда Нью-Йоркте Саудабаев ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы мақсаттарына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөз сөйлейді және БҰҰ басшылығымен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG