Accessibility links

ОМОН қызметкерлері шағымданып президентке хат жолдады


Ресейдің арнайы ОМОН күштері президентке хат жолдап, бастықтары тарапынан жасалатын заңбұзушылықтарға шағымданған. Оппозициялық "Новое время" басылымында Мәскеуде орналасқан ОМОН бөлімінің 10 полиция қызметкері қол қойған хат жарияланды. Президент Дмитрий Медведев пен бас прокуратураға жолданған хатта полицейлер олардың бастығы әрбір қызметкерден жұмыс күнінің аяғына дейін үш адамды тұтқындауды талап етеді дейді. Шағымданып отырған полицейлердің айтуынша, олардың батальоны ақша жасайтын құрылымға айналған.
XS
SM
MD
LG