Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Солнечный қалашығындағы ОВ 156/17 қатаң режимдегі колониясында жазасын өтеп жатқан 20 кісі өз дене мүшесін зақымдаушылық іс-әрекетіне барды.
Колониядағы дерек көзінің Азаттық радиосына хабарлауынша, олар өздерін басқа да түрмелерге ауыстыру іс-әрекеттеріне қарсы шығып отыр. Сонымен бірге, колониядағылар бір айға жуық уақыттан бері мекеме жылусыз қалғандығына наразылықтарын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысының орталығынан шамамен 150 шақырым жерде орналасқан ОВ 156-17 колониясы сот және құқық органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсталатын республикадағы жалғыз түрме саналады.