Accessibility links

ОҚО бірқатар жанар-жағар май операторларына әкімшілік іс қозғалды


Оңтүстік Қазақстан облысының монополияға қарсы агенттігі, бәсекелестікке қарсы іс-әркеттерді жүзеге асырған деп бес жана-жағар май операторына айыппұл салды.

Аймақаралық инспекциясының құқықтық- ұйымдастыруы бөлімінің бастығы Гүлназ Әшірбаеваның айтуынша, салынған айыппұлдың жалпы көлемі 8 млн теңге.

Естеріңізде болса, өткен жылдың күз айларында ОҚО жанар-жағар май бағасы күрт өсіп кеткеніне қарамастан, аймақта жанармай тапшы болған еді. осыған байланысты, үкімет республика бойынша жанармай бағасын түсіру туралы тапсырма берген болатын. «Алайда аталған бес оператор өзара келісіп, бәсекелестікке қарсы шараларды жүзеге асырған», - деді Г.Әшірбаева.
XS
SM
MD
LG