Accessibility links

Ашық қоғам институты Жовтисті босатуға шақырды


Миллиардер қаржыгер Джордж Соростың демократиялық басқаруды алға тарту жөніндегі жекеменшік қоры Қазақстанды түрмедегі адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтисті босатуға шақырды.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның басшысы Евгений Жовтис көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылып, 4 жылға түрмеге жабылған болатын. Оның қолдаушыларының айтуынша, Жовтиске қатысты істің саяси астары бар.

Ашық қоғам институтының жариялаған мәлімдемесінде Жовтистің соты әділетсіз болды делінген. Аталмыш қор Қазақстан билігін Жовтисті азат етіп, жаңадан тергеу жүргізуге шақырып отыр. Жовтис Сорос-Қазақстан қорын 1999-2002 жылдары басқарған.
XS
SM
MD
LG