Accessibility links

ЕҚЫҰ Өзбекстанда журналистердің қудалануына алаңдаулы


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Миклош Харасти Өзбекстанда журналистердің қудалануына байланысты алаңдаушылық білдірді. Харастидің мәлімдеуінше, ол Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовқа хат жолдап, "елдегі азғана тәуелсіз дауыстарға қауіп төндіретін" таяудағы сот істерін атап өткен. Атап айтқанда Харасти түрмеге жабылған екі журналистің, оның ішінде Азаттық радиосының өзбек қызметіне хабар беретін Солижон Абдурахмоновтың жағдайына өзінің алаңдап отырғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG