Accessibility links

Италиядағы миграциялық орталықтар сынға алынды


Шекарасыз дәрігерлер гуманитарлық тобы Италияны заңсыз мигранттарға арналған орталықтардағы жағдайға байланысты сынап отыр. Мұндай орталықтарда қарапайым қызметтер жоқ және олар түрмелерге ұқсайды делінген аталмыш топтың баяндамасында. Бұл баяндама бүкіл Италия бойынша 21 орталықта жүргізілген зерттеуге негізделген.

Он жылдан астам уақыттан бері ондаған мың адам Еуропаға миграциялау мақсатында Жерорта теңізі арқылы өтеді. Италияда олар алдымен арнайы орталықтарға орналастырылады. Осы орталықтарды басқаратын Италия ішкі істер министрлігі Шекарасыз дәрігерлер тобының баяндамасына байланысты пікір білдірмеді.
XS
SM
MD
LG