Accessibility links

Оңғарсынова, Айтқожина және Серкебаев президенттен сыйлық алады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні түстен кейін жұмыс бабымен Алматыға келді деп хабарлады ҚазТАГ.

Хабарларға қарағанда, Назарбаев сәрсенбі күні әдебиет және өнер саласында 2009 жылдың мемлекеттік стипендиясын тапсырады. Сыйлықпен марапатталушылардың арасында ақын Фариза Оңғарсынова мен Марфуға Айтқожина, КСРО халық әртісі Ермек Серкебаев бар.

Мемлекеттік стипендия әдебиет және өнер саласының жүзден астам өкіліне тапсырылады деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG