Accessibility links

Германияда жұмысшылар жалпыұлттық шеруге шығады


Германияда бүгін қызмет көрсету саласының жұмысшылары жалпыұлттық наразылық шеруін бастайды.

Акцияға аурухананың, қарттар үйінің, балалар бақшасының, қоқыс жинау және жылу-электр қызметінің, су станциясының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысшылары қатысады. Олар жалақыны көтеруді, өндірістік білім беру жағдайын жақсартуды, кәсіби біліктілікті арттыруда қосымша мүмкіндіктер бөлуді талап етіп отыр.

Бұған дейін билік пен жұмысшылар кәсіподағы ортақ келісімге келе алмаған еді.
XS
SM
MD
LG