Accessibility links

Қытай АҚШ президентінің Далай-ламамен кездесуіне қарсы


Қытай АҚШ-ты президент Барак Обаманың Далай-ламамен кез-келген кездесуі екі ел арасындағы қарым-қатынасқа кері әсер етеді деп ескертті.

ҚХР-ның сыртқы істер министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, қытай үкіметі американдық президенттің қуғында жүрген тибеттік рухани көсеммен кез-келген кездесуіне үзілді-кесілді қарсы.

Сейсенбі күні Ақ үй Обаманың ақпан айының аяғында Вашингтонға барғалы жатқан Далай-ламамен кездесетіндігін растады.

АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас соңғы уақыттары Интернеттегі цензураға қатысты жанжалға, сондай-ақ Вашингтонның Тайваньға қару-жарақ беру туралы шешіміне байланысты қиындап кетті.
XS
SM
MD
LG